Назарбаев: Астана Теһранмен қарым-қатынасын нығайтуды қалайды
(last modified Sun, 12 Aug 2018 15:08:46 GMT )
Там 12, 2018 21:08 Asia/Almaty
  • Назарбаев: Астана Теһранмен қарым-қатынасын нығайтуды қалайды

Иран президенті Рухани Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуінде Теһран үшін Астанамен қарым-қатынасты дамытудың өте маңызды екенін, себебі бүгінде екі елдің түрлі салалар бойынша жақын көзқарастарға, аймақта ортақ мүдделерге ие болып отырғанын баса айтты.

Рухани сөзінің жалғасында: "Екі елдің әртүрлі салалардағы ауқымды әлеуеттері бір-бірін толықтырады. Сондықтан, әлеуеттерді екі елдің халқы мен аймақтағы басқа да халықтардың мүдделері үшін барынша пайдалану қажет",-деді.

Нұрсұлтан Назарбаев бұл кездесуде Теһран-Астана қарым-қатынастарын достыққа негізделген және жақсы көкжиегі бар деп сипаттап: "Екі ел арасындағы сауда қатынастар соңғы жылдардың ішінде айтарлықтай артты. ИИР – Қазақстанның аймақтағы досы әрі серіктесі. Астана Теһранмен қарым-қатынасын дамытып, нығайтуды қалайды",- деді.