Қазақстан СІМ: Иран, Ресей және Түркия Сирия мәселесі жайлы отырыс өткізеді
(last modified Mon, 19 Nov 2018 09:51:03 GMT )
Қар 19, 2018 15:51 Asia/Almaty
  • Қазақстан СІМ: Иран, Ресей және Түркия Сирия мәселесі жайлы отырыс өткізеді

Қазақстан Сыртқы істер министрі Иран, Ресей және Түркияның Сирия мәселесіне қатысты отырыс өткізетінін хабарлады.

Al Alam арнасының Reuters ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов қарашаның 28-29 күндері Қазақстанда Сирия мәселесі жөніндегі Иран, Ресей және Түркия отырысының өтетінін мәлімдеді.

Әбдірахманов сондай-ақ, тілшілерге берген сұхбатында отырысқа Сирия үкіметі мен Башар Асадқа қарсылардың өкілдері қатысатынын айтты.

 

 

Тегтер