Назарбаев Белоруссия қауіпсіздік қызметкерінің ҰҚШҰ-ның басшысы болуын қолдады
(last modified Sat, 15 Dec 2018 16:59:55 GMT )
Жел 15, 2018 22:59 Asia/Almaty
  • Назарбаев Белоруссия қауіпсіздік қызметкерінің ҰҚШҰ-ның басшысы болуын қолдады

Қазақстан Президенті Белоруссия Қауіпсіздік кеңесінің басшысымен кездесуде оның Ұжымдық Қауіпсіздік туралы Шарт ұйымының басшысы болуын қолдады.

Нұрсұлтан Назарбаев Станислав Засьпен кездесуінде оны Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымын басқару қызметін мойнына алу үшін қажет барлық қабілет пен шеберлікке ие деп атады.

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының бұрынғы басшысы Юрий Хачатуров Армения үкіметінің өтінішімен және осы елдің заңды үкіметін құлатуға талпыныс жасады деген айыппен қызметтен босатылды.

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы 1992 жылы Армения, Белоруссия, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Әзірбайжан мен Грузия елдерінің қатысуымен құрылды.

Аталмыш елдер 2002 жылы бұл ұйымды әскери коалицияға айналдыруға шешім қабылдады.  Кейін Грузия, Әзірбайжан мен Өзбекстан одан бөлініп шықты. Бұл ұйым 2004 жылдың 2 желтоқсанында БҰҰ Бас ассамблеясына бақылаушы мүше ретінде қабылданды.