Қазақстанның бидай экспорты 2018 жылы 49 пайызға артты
Қаң 31, 2019 19:06 Asia/Almaty
Қазақстанда бидай экспорты 2018 жылдың 11 айында 2017 жылдың осындай мерзімімен салыстырғанда айтарлықтай артты.
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Қазақстан 2018 жылдың қаңтар мен қараша айлары аралығында 5,5 млн тонна бидай шетелге экспорттады. Бұл 2017 жылдың осындай мерзімімен салыстырғанда 49 пайызға артық.
Бұл елдің бидай экспортынан түсірген табысы 862,5 млн долларды құрады. Бұл 2017 жылдың осындай мерзімімен салыстырғанда 48,8 пайызға өскен.
Бұған қарамастан, Қазақстанның егін шаруашылығы саласындағы жалпы ішкі өнімі өткен бір жылдың ішінде тек 3 пайызға артты.
Тегтер