Рухани: Теһран мен Астананың экономикалық әлеуеті өте зор
https://itolqyn.com/news/kazakhstan-i41132
ИИР Президенті екіжақты қарым-қатынасты кеңейту үшін Иран мен Қазақстанның зор экономикалық әлеуеттерін пайдалану қажеттігін қуаттады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Ақп 03, 2019 14:59 Asia/Almaty

ИИР Президенті екіжақты қарым-қатынасты кеңейту үшін Иран мен Қазақстанның зор экономикалық әлеуеттерін пайдалану қажеттігін қуаттады.

Иран Президенті Хасан Рухани сенбі күні Теһранда ҚР-дың ИИР-дағы жаңа елшісі Асхат Оразбайдан сенім грамотасын алып жатып, екі елдің ортақ тамыр мен мәдени ортақтастықтарға ие екенін айтып: «Иран мен Қазақстан ортақ әлеуеттерді пайдалану арқылы екі халықтың мүдделерін қамтамасыз ету жолында әсерлі де пайдалы қадамдар жасай алады»,-деді.

Қазақстанның Ирандағы жаңа елшісі Асхат Оразбай  Руханиге өзінің сенім грамотасын тапсырғаннан кейін Иран үкіметі мен халқын Ислам революциясы жеңісінің 40 жылдығымен құттықтап: «Астана мен Теһран өзара қатынасты дамытуда оңды саяси ерік-жігерге ие»,-деді.