Сәу 06, 2019 18:59 Asia/Almaty
  • Қазақстан Парламенті Мәжіліс палатасының төрағасы Парламентаралық одақтың Бас ассамблеясына қатысады

Қазақстан Парламенті Мәжіліс палатасының төрағасы осы ел делегациясын бастап, сәуірдің 6-9 күндері Катардың астанасы Дохада өтетін Парламентаралық одақтың Бас ассамблеясына қатысады.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Нұрлан Нығматуллин "Бейбітшілік, қауіпсіздік пен заң билігін сақтау үшін білім беру және тәрбиелеуді оңтайландыру үдерісіндегі Парламенттің рөлі" тақырыбында өтетін Бас ассамблея отырысында сөз сөйлейді.

Парламентаралық одақтың Бас ассамблеясына әлемнің 160-тан астам елінен 2200-ден артық депутат пен 80 Парламент төрағасы қатысады.  

 

Тегтер