Қазақстанның президенттік сайлуына 45 халықаралық бақылаушы қатысады
Maм 07, 2019 19:05 Asia/Almaty
Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы бұл елдің президенттік сайлауының барысын бақылауға халықаралық ұйымдардың 45 бақылаушысының өтінішін қабылдады.
«Фарс» ақпарат агенттігінің мәліметінше, Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы: «Қазақстан Сыртқы істер министрлігі халықаралық ұйымдардың 45 өкілін ұсынды және олардың барлығы шетелдік бақылаушылар тізіміне тіркелді»,- деп хабарлады. Бұл мәлімет бойынша 7 бақылаушы ТМД мүшелері тарапынан, 12 бақылаушы Еуропадағы ынтымақтастық және қауіпсіздік ұйымы, 4 бақылаушы Исламдық ынтымақтастық ұйымынан Қазақстанға келеді.
Қазақстанның президенттік сайлауы ағымдағы жылдың 9 маусымында өтеді.
Тегтер