Қазақстандағы президенттік сайлауға үміткерлердің толық тізімі жарияланды
Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы осы елдегі президенттік сайлауға үміткер 7 адамның тіркеуден өткенін хабарлады.
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, дүйсенбі күні Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы осы елде мерзімінен бұрын өтетін президенттік сайлауға үміткерлердің саны мен аты-жөндерін хабарлады.
Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясының мәліметі бойынша, осы елде мерзімінен бұрын өтетін президенттік сайлауға 7 үміткер тіркелді.
«Ақ жол демократиялық партиясы» қоғамдық бірлестігінен тіркелген Дания Еспаева – жалғыз әйел үміткер. «Ұлт тағдыры» республикалық қоғамдық бірлестігінен Әміржан Қосанов, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясынан Төлеутай Рахымбеков тіркелді. Т. Рахымбеков Қазақстанның Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығының басшысы қызметін атқарады. «Ұлы дала қырандары» республикалық қоғамдық мәдени-әлеуметтік бірлестігінен тіркелген Сәді-Бек Түгел әдеби тұлға саналады. «Nur Otan» партиясы» қоғамдық бірлестігінен тіркелген Қасым-Жомарт Тоқаев қазір Қазақстанның уақытша Президенті болып отыр. Қазақстан Коммунистік Халықтық партиясынан тіркелген Жамбыл Ахметбеков 2011 жылғы президенттік сайлауға да қатысқан. Ал Амангелді Таспихов – «Қазақстан Республикасының кәсіподақтар федерациясы» республикалық кәсіподақтар бірлестігінің үміткері.