Назарбаев Еуразия экономикалық одағының құрметті төрағасы болды
(last modified Wed, 29 May 2019 11:35:48 GMT )
Maм 29, 2019 17:35 Asia/Almaty
  • Назарбаев Еуразия экономикалық одағының құрметті төрағасы болды

Еуразия экономикалық одағы жоғары кеңесі Қазақстанның Тұңғыш Президентіне бұл халықаралық ұйымның қалыптасуындағы рөлі үшін Құрметті төрағасы атағын берді.

"Фарс" ақпарат агенттігінің мәліметінше, Нұр-Сұлтан қаласындағы Еуразия экономикалық кеңесінің  шешімімен Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа бұл Одақтың құрметті төрағасы мәртебесі берілді.  Қазақстанның қазіргі  Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бұл шешімге тоқталып: "Еуразия экономикалық одағының интеграция идеясы Назарбаевтың саяси қырағылығы және стратегиялық көрегендігінің арқасында жүзеге асырылып, Еуразия құрлығының экономикалық, сонымен қатар геосаяси ландшафты  түрленді. Назарбаевтың Еуразиялық экономикалық одақтың қалыптасуындағы рөлін ескере  келе РФ Президенті Владимир  Путин бұл кісіге Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңесінің Құрметті төрағасы атағын беруді  ұсынды. Қазақстан үкіметі Мәскеу мен Одақтың басқа мүшелеріне бұл ұсынысты қолдағандары үшін алғыс айтады",- деді.