Шіл 04, 2019 16:43 Asia/Almaty
  • Қазақстан Федерика Могериниді «Достық» орденімен марапаттады

ҚР Президенті Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы қарым-қатынасты дамытуға қосқан үлесі үшін бұл Одақтың сыртқы саясат бойынша өкілі Федерика Могериниді бірінші дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.

«Фарс» ақпарат агенттігінің мәліметінше, Қазақстан Федерика Могериниді «Достық» орденімен марапаттады. Қазақстан  мен Еуроодақ  арасындағы қарым-қатынасты дамытуға қосқан үлесі үшін ҚР Президентінің Жарғысымен бұл Одақтың сыртқы  саясат бойынша өкілі «Достық» орденімен марапатталды.

2015  жылдың  желтоқсан айында Қазақстан билігі мен Еуроодақ екі тараптың қарым-қатынасын кеңейту туралы келісімге қол қойған болатын.  Экономика, сауда сынды 29 сала бойынша серіктестік шарттары енген келісімге Қазақстанның сол кездегі Сыртқы істер министрі Ерлан  Ыдырысов пен Могерини қол қойған.

 

Тегтер