Назарбаев Қазақстанда кезектен тыс парламентттік сайлау өтетіні туралы қауесеттерді теріске шығарды
(last modified Fri, 23 Aug 2019 08:20:27 GMT )
Там 23, 2019 14:20 Asia/Almaty
  • Назарбаев Қазақстанда кезектен тыс парламентттік сайлау өтетіні туралы қауесеттерді теріске шығарды

Қазақстанның бұрынғы Президенті бұл елде кезектен тыс парламентттік сайлау өтетіні туралы қауесеттерді теріске шығарды.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр‑Отан» партиясының отырысында: «Кейбір саяси тұлғалар мен әлеуметтік желілерді қолданушылар кезектен тыс парламентттік сайлау туралы хабар таратып жатыр. Үкімет бұл қауесеттерге жауап беруі керек»,‑деді.

Назарбаев: «Бұл әңгімелер негізсіз. Үкімет тарапынан сайлау үшін кеңістік дайындау туралы ешқандай шешім қабылданбады»,‑деді.

Назарбаев: «Еуропа елдерінің көбі пропорционалды сайлау жүйесін пайдаланады. Азия мемлекеттері партиялық инфрақұрылымның дамымағанына байланысты басым дауыс жүйесін  қолданады. Онда саяси партиялар емес, тұлғалар көбірек мәнге ие болады»,‑деп еске салды.

Қазақстанның бұрынғы Президенті: «Парламент және жергілікті кеңестер сайлауы  пропорционалды сайлау жүйесі негізінде өткізіледі»,‑деді.