Қазақстан лаңкестік топтардың әлемдік тізімін құруды ұсынды
Қазақстанның Тұңғыш Президенті лаңкестік және ұйымдастырылған топтардың әлемдік тізімін құруды ұсынды.
Fars News агенттігінің мәліметі бойынша, Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Еуразия елдері парламенттері спикерлерінің IV кеңесінің ашылу рәсімінде парламентаралық ынтымақтастықты нығайтуды қуаттауымен бірге лаңкестік және ұйымдастырылған топтардың әлемдік тізімін құруды ұсынды. Назарбаев электрондық және крипто әмияндарды пайдаланып, ғаламтор арқылы есірткі саудасына құқықтық тосқауыл қалыптастыру қажет»,- деді.
Еуразия елдері парламенттері төрағаларының IV Кеңесі «Үлкен Еуразия: Диалог. Сенім. Серіктестік» тақырыбымен азиялық-еуропалық 65 ел және 14 халықаралық ұйым өкілінің қатысуымен кеше сейсенбі күні Нұр-Сұлтанда басталды.