Қазақстанда «Дала қыраны - 2016» жаттығуының алғашқы кезеңі басталды
Қазақстанның Қорғаныс министрлігі сейсенбі, 12-ші сәуір күні АҚШ пен Ұлыбритания қарулы күштерінің 60-тан астам өкілінің қатысуымен осы елдің бітімгершілік күштері жаттығуының бірінші кезеңінің басталғанын хабарлады.
«Дала қыраны – 2016» тактикалық-арнайы бітімгершілік оқу-жаттығуының бірінші кезеңі америкалық және британдық қарулы күштердің 60-тан астам өкілінің қатысуымен Қазақстанның «Іле» жаттығу базасында өтті. Жаттығудың екінші кезеңі Ұлыбританияда өтеді. Оған Қазақстан қарулы күштерінің 150-ден астам әскериі қатысады. «Дала қыраны – 2014» жаттығуы Қазақстан қарулы күштерінің 150 әскериінің қатысуымен Германияда өткен болатын.
Өткен жылы Қазақстанда ақырғы бірнеше жылдағы ең үлкен жаттығу саналған «Айбалта – 2015» оқу-жаттығуы өтті. Аталмыш жаттығу бес обылыста, атап айтқанда Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан және Батыс Қазақстан обылыстарында 10 мың әскеридің қатысуымен және Қазақстан Қорғаныс министрлігінің Құрлық күштерінің бас қолбасшысы Мұрат Майкеевтің басқаруымен өтті. Сондай-ақ, «Айбалта – 2015» жаттығуына 2000-нан астам бірлік техника мен қару-жарақ және әуе-қорғаныс күштері мен шекаралық қызмет қатыстырылды.
Бұл жаттығулар көбінде әскерилерді дайындау және дағдарысты жағдайда арнайы операцияны жоспарлап жүргізу, сондай-ақ бөгде қоқан-лоққыларға, атап айтқанда экстремистік, лаңкестік және сепаратистік топтарға қарсы қоқан-лоққылармен күресу мақсаттарында өтеді.
Расында Қазақстан мұндай мақсатты әртүрлі ортақ жаттығуларды аймақтың іші мен аймақтың сыртындағы әртүрлі елдермен бірге өткізді. Олардың кейбіреулері Қазақстанның АҚШ, Ұлыбритания және НАТО-ға мүше Батыс үкіметтері арасындағы әскери ынтымақтастық бойынша өтсе, басқалары ТМД қоғамының Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы және Шанхай ынтымақтастық ұйымының негіздері бойынша өтті.
Орталық Азия елдері мен Қазақстан азаматтарының ДАИШ сынды тәкфіршіл лаңкестік топтарға қосылуы мен бұл елдердің кейбір экстремистік топтардың қоқан-лоққыларымен кезігулеріне байланысты аймақ мемлекеттерінің әскери және қорғаныс күш-қуатын күшейту қажеттіліктері екі есе артты.
Қазақстан қарулы күштерінің әскери структурасын нығайтумен бірге әскери күштердің жеке әскери біліктіліктерін дамыту, бітімгершілік іс-әрекеттерді кеңейту, әскери әрекеттерді ұйымдастыру, әскери бірліктердің ынтымақтастығын арттыру, әртүрлі партиялар арасындағы қақтығыстар кезінде бейбітшілікті қорғау бұл жаттығудың келесі мақсаттарының қатарына жатады. Ішкі және аймақтық қоқан-лоққыларға байланысты әртүрлі мемлекеттермен ортақ жаттығулар өткізу Қазақстанның қорғаныс саясатының стратегиясына айналғанымен бұл елдің саяси және әскери басшылары Батыс үкіметтері мен Ресей мен Қытай сынды аймақ күштері арасында тең әрі сындарлы ынтымақтастық сақтауды көздеп отыр.
Қазақстандық басшылардың әскери күш-қуаттарын арттырып, қорғаныс стандарттарын жоғары көтеру ұстанымдары Батыс және Ресеймен арадағы әскери ынтымақтастығын нығайту арқылы іске асырылып, бір жақпен ынтымақтастық жасаған кезде екінші жақтың теріс реакциясына тап болмауды қарастырады. Қазақстанның кейбір аймақтық және халықаралық мәселелерде арағайындық жасауы бұл елдің дипломатиясы мен әскери ұстанымдарының бағыттас екендігін көрсетеді.