Қазақстан мезгілінен бұрын парламенттік сайлау өткізеді
Ресейдің ақпарат құралдары Қазақстан үкіметінің мезгілінен бұрын парламенттік сайлау өткізуге дайын екенін хабарлады.
Fars News ақпарат агенттігінің мәліметінше, бұл хабар Қазақстанның ақпарат ортасының ең маңызды тақырыптарының біріне айналды. Елдің ресми басшылары бұл хабарды қанағаттандырарлық мәліметпен теріске шығара алмады. Осыдан алты ай бұрын үкімет мезгілінен бұрын сайлау өткізуді көздегенімен әртүрлі себептерге байланысты бұл жоба іске асырылмады. Саяси партиялар сайлауға дайындалғанымен олардың талпыныстары шынайы емес. Елдің саяси жағдайы да бұл өзгеріске дайын емес. Елбасы басқаратын билік басындағы партияның сайлауда оңай жеңіске жететін мүмкіндігі жоқ. Жеңіске жетуге қолайлы жағдай орнамай, Қазақстанның Тұңғыш Президенті мезгілінен бұрын сайлау өткізуге рұқсат етпейді. Айтылған мәселелерге байланысты Қазақстанда парламенттік сайлау 2021 жылы өтеді деген болжамдар айтылып жатыр.