Қазақстан Президенті Мәскеуге сапар шегеді
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 75 жылдығына арналған әскери парадқа қатысу үшін Мәскеуге сапар шегеді.
Fars News ақпарат агенттігінің мәліметінше, Қазақстан Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Қасым-Жомарт Тоқаевтың ресейлік әрептесінің шақыруымен Мәскеуде өтетін Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 75 жылдығына арналған әскери парадқа қатысатынын хабарлады.
Бұдан бұрын Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонның да 9 мамырда Ресей астанасында өтетін әскери парадқа қатысатыны туралы хабарланды. Тәжікстан Қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы Ареф Низамиан Рахмонның қатысуымен бірге Мәскеудің Қызыл алаңында өтетін әскери парадқа Тәжікстанның құрлық және әуе-қорғаныс күштері тобы қатысатынын мәлімдеді.