Қазақстан Қытайға мұнай экспорттау мәселесінде кедергіге ұшырады
Қазақстан Энергетика министрінің бірінші орынбасары ел мұнайын "Қазтрансойл" компаниясының құбырлары арқылы Қытайға жөнелту толық басталмағанын хабарлады.
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Мұрат Жүребеков: "Қазіргі таңда мұнай сапасының тек жартылай жақсарғаны туралы айтуға болады.
22 қаңтарда "Ақтөбемұнайгаз" қытай-қазақ компаниясынан тазартылған мұнай алына бастады. 16 қаңтарда "Қазтрансойл" компаниясының құбырлары арқылы "Ақтөбемұнайгаз" компаниясының мұнайын жөнелту барысында хлорлы органикалық қосындылар анықталып, сол күні мұнай экспорты тоқтатылды",-деді.
Құбыр арқылы тасымалданатын мұнай көлемінің аз болуына байланысты Қазақстан Энергетика министрлігі 2020 жылдың қаңтар айында осы елдің өңдеу зауыттарына мұнай жөнелту бағдарламасын қайта қарастырды. Сол себепті Қазақстан Қытайға жөнелтілетін мұнай көлемін азайтты.