Коронавирус ауруының таралуына байланысты Қазақстан мен Қытай шекарасы жабылды
(last modified Thu, 30 Jan 2020 13:10:18 GMT )
Қаң 30, 2020 19:10 Asia/Almaty
  • Коронавирус ауруының таралуына байланысты Қазақстан мен Қытай шекарасы жабылды

Қазақстан үкіметі коронавирус ауруының таралуына байланысты осы ел мен Қытай арасындағы қарым-қатынас жолдарын жапты.

France Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Қазақстан үкіметі сәрсенбі күнгі мәлімдемесінде коронавирус ауруының таралуына байланысты Қытай азаматтарына виза беруді тоқтатуға бұйрық берді.  

Қытайда коронавирус ауруы таралғаннан кейін Қазақстан үкіметі осы мәлімдемеде көршілес Қытай еліне автобустар, ұшақтар, пойыздардың қатынауын және  осы ел азаматтарына виза беруді тоқтатуды бұйырды.

Қазақстан үкіметінің мәлімдемесіне сәйкес, Қытайға автобус қатынасы  сәрсенбі күннен бастап, пойыздар 1 ақпаннан бастап, күнделікті әуе қатынасы 3 ақпаннан бастап тоқтатылады.

Қытайдың Ұлттық денсаулық сақтау комиссиясы: "Бұл елде коронавирус ауруынан қаза тапқандардың саны 170-ке, науқастардың саны 7700 адамға жетті",-деп мәлімдеді.