Помпео Қазақстанда: Қытай мен Ресейге қатысты қырағы болыңыздар
АҚШ Мемлекеттік хатшысы Қазақстанға сапарында осы елдің басшыларын Қытай мен Ресейдің ықпалы мен инвестициясына қырағы болуға шақырды.
ISNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Майк Помпео жексенбі күні Қазақстанға сапары барысында басқа кейбір елдердің басшыларына айтқан ескертулерін қайталап: "Қытай инвестицияларының тартымдылығы кейбір елдердің егемендігіне зиян тигізумен аяқталды. Мұндай инвестиция ұзақ мерзімде дамуға көмектеспейтіні былай тұрсын, оған зарар тигізеді",-деді.
АҚШ Мемлекеттік хатшысы, сондай-ақ, Қазақстанға Ирак пен Сирияда ДАИШ-ке қосылған өз азаматтарын қайтарып алғанына алғыс айтты. Қазақстан жуырда ДАИШ лаңкестік тобының қолында болған аймақтардан 600-ге жуық қазақстандық азамат пен олардың жанұяларын елге қайтарды. Мұнымен қоса, Помпео Қазақстан басшыларынан елде АҚШ инвестициясын арттыруға рұқсат беретін өзгерістер жасауды сұрады.