Қазақстанда бес адам лаңкестікке қатысы бар деген күдікпен қамауға алынды
Ақп 04, 2020 15:22 Asia/Almaty
Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті бес адам лаңкестікке қатысы бар деген күдікпен қамауға алынғанын хабарлады.
Fars News ақпарат агенттігінің мәліметінше, Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті дүйсенбі күні елдің сот органдарының бұл адамдарға террористік топты құру және оның қызметіне қатысу мен терроризмді насихаттау тақырыптар бойынша қылмыстық іс қозғағанын мәлімдеді. Бұл топтың құрылу мақсаты Қазақстан әртүрлі аймағында, әсіресе адамдар көп жиналатын жерлерде террористік акт жасау болды деп жарияланды.