Қазақстанда 14 жаңа әуе рейсі ашылады
https://itolqyn.com/news/kazakhstan-i45410-Қазақстанда_14_жаңа_әуе_рейсі_ашылады
Қазақстан Премьер-министрінің орынбасары осы ел басшының қабылдауында болып, биыл 14 жаңа әуе рейсі ашылатынын хабарлады.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Ақп 06, 2020 18:05 Asia/Almaty
  • Қазақстанда 14 жаңа әуе рейсі ашылады

Қазақстан Премьер-министрінің орынбасары осы ел басшының қабылдауында болып, биыл 14 жаңа әуе рейсі ашылатынын хабарлады.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Қазақстан Премьер-министрінің орынбасары Роман Шкляр осы ел басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуінде жаңа әуе бағыттары туралы: "Биыл Катар, Польша, Оман, Беларусь, Малайзия, Румыния, БАӘ мен Кувейт әуе компаниялары тарапынан 14 жаңа әуе рейсін ашу жоспарланып отыр",-деді.

Шкляр: "Швейцария, Оңтүстік Корея, Сингапур, Литва мен Латвия әуе компанияларымен осы салада келіссөздер жүргізіліп жатыр",-деді.

Қазақстан Премьер-министрінің орынбасары: "Ел басшысының бұйрығы бойынша өткен жылы 12 жаңа әуе рейсі, соның ішінде  Нұр-Сұлтаннан Прага, Ұлан-Батыр мен Токиоға рейстер ашылды",-деді.

Тоқаев өз кезегінде Қазақстанның басқа елдермен әуе қатынасын одан ары кеңейту және елдің басты әуежайлары арқылы жүк тасымалын арттыру шараларын жалғастыруды тапсырды.