Ақп 08, 2020 15:39 Asia/Almaty
  • Жамбыл облысындағы тұрғындар арасындағы төбелесте 8 адам өлді және 40 адам жарақат алды

Қордай ауданының Масаншы ауылы тұрғындарының арасындағы төбелестін салдарынан 8 адам өлді және 40 адам жарақат алды.

Fars News ақпарат агенттігінің мәліметінше, өткен түнде Жамбыл облысының  Қордай ауданы Масаншы ауылы тұрғындары арасында төбелес болып, бірнеше адам өлді және кейбіреулері жараланды. Алғашқы мәліметтер бойынша, 30 үй, 15 дүкен мен 23 көлік өртенді. Бұл оқиғаға қатысты 47 адам қамауға алынып, 2 мылтық тәркіленді.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев  бұл оқиға туралы:  «Бүгін түнде Жамбыл облысы Қордай ауданында жергілікті тұрғындар арасында жаппай төбелес, жанжал болды. Бұл ахуалды  арандатушылар өз мақсатына пайдаланды.  Қазір полиция мен Ұлттық ұлан бұл жағдайды бақылауға алды.  Қоғамдық тәртіпті бұзғандар анықталып, қатаң  жауапқа тартылатын болады»,- деді.

 

Тегтер