Қазақстанда лаңкестік әрекет жасамақ болған 2 адам ұсталды
https://itolqyn.com/news/kazakhstan-i45584-Қазақстанда_лаңкестік_әрекет_жасамақ_болған_2_адам_ұсталды
Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшылары елдегі террористік актілер жасау талпыныстардың алдын алу шаралар жасалуы жөнінде хабарлады.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Ақп 18, 2020 20:15 Asia/Almaty
  • Қазақстанда лаңкестік әрекет жасамақ болған 2 адам ұсталды

Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшылары елдегі террористік актілер жасау талпыныстардың алдын алу шаралар жасалуы жөнінде хабарлады.

 

Fars News ақпарат агенттігінің мәліметінше, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшылары лаңкестік әрекет жасамақ болған экстремистік діни ағымды ұстанушы бірқатар адамды қамауға алғанын мәлімдеді.

Бұл комитет 14 ақпанда Алматы қаласында экстремистік діни ағымды ұстанушы 2 адамды ұстады. Ұсталған адамдардың қмір сүретін мекен жайларында қолдан жасалған жарылғыш құрылғы, оны жасауға арналған құрамдас бөліктер, суық қару, сондай-ақ шабуыл жасауды көздеген нысандардың фотосы мен бейне түсірілімі бар смартфондар алынды. Оларға қатысты Қылмыстық кодекстің 255 және 256-шы баптары, яғни терроризм актісіне дайындалу   және терроризмді насихаттау фактілері бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу мәліметтері бойынша, қамауға алынған адамдар Қазақстанның  аумағында, әсіресе адамдар көп жиналатын орындарда лаңкестік әрекет жасамақ болған.