Қазақстанның жаңа мүфтиі елдің бірлігі мен қоғамның біртұтастығының қажеттілігін қуаттады
https://itolqyn.com/news/kazakhstan-i45628-Қазақстанның_жаңа_мүфтиі_елдің_бірлігі_мен_қоғамның_біртұтастығының_қажеттілігін_қуаттады
Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының жаңа Бас мүфтиі елдің Президентімен кездесуінде бірлік пен тұрақтылықты нығайту қажеттілігін қуаттады.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Ақп 22, 2020 18:08 Asia/Almaty
  • Қазақстанның жаңа мүфтиі елдің бірлігі мен қоғамның біртұтастығының қажеттілігін қуаттады

Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының жаңа Бас мүфтиі елдің Президентімен кездесуінде бірлік пен тұрақтылықты нығайту қажеттілігін қуаттады.

Fars News ақпарат агенттігінің мәліметінше,  Наурызбай қажы Тағанұлы Нұр-Сұлтан қаласында Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуінде: "Қазақстан  Мұсылмандары діни басқармасының жұмыстары имандылық, отаншылдық, білімділік, ауызбіршілік, еңбекқорлық, мәдениеттілік  және әділдік сияқты жеті рухани қазыққа негізделмек",- деді. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та бұл кездесуде ел халқы бірлігінің қажеттілігін қуаттап: "Қоғамды татулыққа, бірлікке, бәтуаға шақыру керек",- деді.

Наурызбай қажы Тағанұлы мен Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан  Мұсылмандары діни басқармасының елдегі татулық пен тұрақтылықты сақтау және  жат діни ағымдардың зиянды әрекеттерімен күресуіндегі рөлі жайында  пікір алмасты.