Алматыда Орта Азиядағы кедендік ынтымақтастық семинары өтті
Орта Азия елдерінің кедендік басқарма қызметкерлері Еуроодақтың курсына қатысу үшін Қазақстанның Алматы қаласына жиналды.
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, бұл семинарға Түркіменстан, Қырғызстан, Қазақстан, Өзбекстан мен Тәжікстан делегациялары қатысты.
Семинарда аймақ елдерінің Кеден басқармалары арасында тікелей әріптестікті дамыту жолдары қарастырылды.
Семинарға қатысушылар Еуропа одағына мүше елдердің тәжірибелерімен танысты.
Орта Азия елдерінің кедендік қарым-қатынасын нығайту, құқықтық мәселелерді талқылау, мәліметтермен алмасу және бақылау семинардың негізгі тақырыптары болды.
Еуроодақ пен Орта Азия арасында шекаралық ынтымақтастықты дамыту бағдарламасы 2003 жылы қабылданды. Оның мақсаты – аймақта тұрақтылықты нығайту және кедендік амалдар механизмін жеңілдету.
Еуроодақ қайраткерлері Орта Азия елдерінің сауда-экономикалық қатынасты дамыту саласындағы бастамаларына қолдау білдірді.