Тоқаев коронавирустың бүкіл әлемде таралуына алаңдаушылық білдірді
https://itolqyn.com/news/kazakhstan-i45715-Тоқаев_коронавирустың_бүкіл_әлемде_таралуына_алаңдаушылық_білдірді
Қазақстан Президенті коронавирустың бүкіл әлемде таралуына алаңдаушылық білдірді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Ақп 29, 2020 17:23 Asia/Almaty
  • Тоқаев коронавирустың бүкіл әлемде таралуына алаңдаушылық білдірді

Қазақстан Президенті коронавирустың бүкіл әлемде таралуына алаңдаушылық білдірді.

Fars News ақпарат агенттігінің мәліметінше, Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі жолдауында: «Коронавирустың бүкіл әлемде таралуы алаңдатарлық жағдай туғызды. Үкіметке мемлекеттік және экономикалық институттардың қызметіне зиян тигізбестен өз азаматтарының денсаулығын сақтау бойынша шаралар қабылдау тапсырылды»,- деп жазды.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус жұма күні кешке коронавирусқа шалдыққандардың және оның таралған елдер санының артуына тоқталып: «Бұл ұйым коронавирустың таралуы салдарының деңгейін «жоғарыдан» «өте жоғарыға» көтерді»,- деп жариялады. Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының Бас директоры мемлекеттерді бұл ауруға қарсы күресуге ынтымақтастық етуге шақырып: «Осы кезде әлемнің ең үлкен дұшпаны коронавирус емес, алаңдаушылық пен қауесет»,- деді.