«Ферғана-Алматы» автобус бағыты ашылады
https://itolqyn.com/news/kazakhstan-i45728-Ферғана_Алматы_автобус_бағыты_ашылады
Өзбекстан мен Қазақстан «Ферғана-Алматы» бағытында автобус қатынасын ашады.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Нау 01, 2020 18:59 Asia/Almaty
  • «Ферғана-Алматы» автобус бағыты ашылады

Өзбекстан мен Қазақстан «Ферғана-Алматы» бағытында автобус қатынасын ашады.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, бұл бағыт Ферғанадан Қазақстанға баратын жолаушыларға қолайлы жағдай жасау үшін ашылды. Алғашқы автобус 4 наурызда жолға шығады.

Бұл бағыттың жалпы ұзындығы – 1202 км. Оны 22 сағат 20 минутта жүріп өтуге болады.

Қазақстан – Өзбекстанның ең ірі сауда серіктестерінің бірі. Екі елдің сауда айналымы 2018 жылдың 10 айында 2 млрд доллардан асқан.  

Қазіргі таңда Өзбекстанда Қазақстанның инвестициясымен 260 компания, соның ішінде 192 ортақ компания және 100 пайыз қазақ капиталымен  37 компания құрылыс, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, сауда, тамақ өнеркәсібі, металл өңдеу және көлік жасау саларында жұмыс істейді.

Сондай-ақ, 3 қазақ компаниясының филиалы Өзбекстанның Инвестиция және сауда-экономикалық қатынастар министрлігі тарапынан ресми түрде тіркелген.