Тоқаев Қазақстанда ұлтаралық қақтығыс болған ауданға барды
https://itolqyn.com/news/kazakhstan-i45742-Тоқаев_Қазақстанда_ұлтаралық_қақтығыс_болған_ауданға_барды
Қазақстан Президенті жуырда ұлтаралық қақтығыс орталығы болған Қордай ауданына барды.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Нау 02, 2020 16:43 Asia/Almaty
  • Тоқаев Қазақстанда ұлтаралық қақтығыс болған ауданға барды

Қазақстан Президенті жуырда ұлтаралық қақтығыс орталығы болған Қордай ауданына барды.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Жамбыл облысының Қордай ауданындағы жағдаймен танысу мақсатында ақпан айының басында ұлтаралық қақтығыс орталығы болған елді мекендерге барды.

Тоқаев сапар барысында халықпен кездесіп, соңғы оқиғалар, қатігездікті жою жолдары және Қазақстанда әртүрлі ұлт өкілдерінің тату тіршілігі туралы сұхбаттасты.

Ол 6-7 ақпанда Қордай ауданының Масанчи ауылында қазақтар мен дүнгендер арасында орын алған ұлтаралық қақтығыс салдарынан 11 адам қаза тауып, ондаған адамның жараланғанына тоқталып: «Бұл оқиғаның орын алуы Қазақстан халқын есеңгіретіп, әлемнің назарын өзіне аударды. Қақтығыс үкімет пен халыққа көп шығын әкелді»,-деді.

Тоқаевтың айтуынша, Жамбыл облысының жаңа әкімшілігі халықтың әл-ауқатын жақсартуға қажетті шаралар атқарады.