Қазақстанда Халықаралық әйелдер күніне арналған шаралар өтпейді
Нау 04, 2020 15:14 Asia/Almaty
Қазақстан Президенті әлемнің түпкір-түпкірінде коронавирустың таралуына байланысты бұл елдегі Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік шараларды өткізбеу шешім қабылдады.
Fars News ақпарат агенттігінің мәліметінше, Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасында: «Халықаралық әйелдер күніне орай Нұр-Сұлтан қаласында жоспарланған салтанатты жиын мен мерекелік концертті өткізбеу жөнінде шешім қабылдадым. Ардақты аналар мен аруларға зор денсаулық, бақ-береке тілеймін»,- деп жазды. Бұрын Қазақстанда 8-наурыз Халықаралық әйелдер күніне Президент пен елдің танымал белсенді әйелдерінің қатысуымен үлкен мерекелік шаралар мен концерт өтетін.
Тегтер