Мұнай бағасының 40 доллар болуына байланысты Қазақстан үкіметі шығындарды азайтуға бағдарлама жасады
https://itolqyn.com/news/kazakhstan-i45834-Мұнай_бағасының_40_доллар_болуына_байланысты_Қазақстан_үкіметі_шығындарды_азайтуға_бағдарлама_жасады
Қазақстанның Энергетика министрі: «Біз бюджетті 50-55 долларға есептеген болатынбыз. Егер мұнай бағасы 40 доллар немесе одан төмен болса, үкімет шығындарды оңтайландыруға арналған бағдарламаны қолға алады. Біз бұрын бұл бағдарламаны қарастырғанбыз»,-деді.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Нау 09, 2020 22:02 Asia/Almaty
  • Мұнай бағасының 40 доллар болуына байланысты Қазақстан үкіметі шығындарды азайтуға бағдарлама жасады

Қазақстанның Энергетика министрі: «Біз бюджетті 50-55 долларға есептеген болатынбыз. Егер мұнай бағасы 40 доллар немесе одан төмен болса, үкімет шығындарды оңтайландыруға арналған бағдарламаны қолға алады. Біз бұрын бұл бағдарламаны қарастырғанбыз»,-деді.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Венадағы OPEC+ отырысынан кейін Нұрлан Ноғаев: «Мұнай бағасының 40 долларға дейін төмендеуіне байланысты Қазақстан шығындарды азайту шараларын жасайды»,-деді.

Ресей ОПЕК-тің мұнай өндірісін одан ары азайту туралы ұсынысын қабылдамай, ОПЕК өзінің мұнай өндіруге қойылған шектеулерін алып тастаған соң өткен 11 жылда бірінші рет мұнай бағасы жұма күні бір күннің ішінде күрт төмендеді.

Ноғаев, сондай-ақ, ОПЕК пен басқа мұнай өндіруші елдер арасында наурыз айында тағы бір отырыс өткізілетінін теріске шығармады.

Қазақстанда мұнай-газ өндіру 2018 жылы 90,4 млн тонна болса, 2019 жылы 90,5 млн тонна болды.