Қазақстанда Жамбыл қақтығыстарына қатысты 5 адам қамауға алынды
Нау 12, 2020 18:20 Asia/Almaty
Қазақстанның Бас прокурорының орынбасары Жамбыл облысының Қордай ауданында орын алған қанды қақтығыс ісіне қатысты 5 адамның қамауға алынғанын хабарлады.
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Болат Дембаев кеше бір жиналыста: «Қордай ауданындағы қақтығыстарға қатысты 5 адам қамауға алынды. Олардың екеуі полицияға бағынбай, бүлік шығарып, төбелескені үшін, үшеуі адам өлтіргендері үшін қамалды. Жалпы Қордай ауданындағы қақтығыстарға қатысты 120 іс қозғалып, қарастырылуда»,-деді.
2020 жылдың 8 ақпанында Қазақстанның оңтүстігіндегі Жамбыл облысының Қордай ауданында қақтығыс болды. Қазақтар мен дүнгендер арасында болған қақтығыс салдарынан 11 адам қаза тауып, бірқатар адам жараланды.