Коронавирустың таралуына байланысты Қазақстанда мектептер мен университеттер жабылды
Нау 13, 2020 16:37 Asia/Almaty
Қазақстан үкіметі коронавирустың таралуына байланысты бұл елдің мектептері мен университеттерінің жабылуын хабарлады.
Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметінше, Қазақстан үкіметі мәлімдеме шығарып, коронавирустың таралуы жөнінде ескерту жасап, бүгін, жұма 13 наурыздан 5 сәуірге дейін бұл елдің бүкіл мектептері мен университеттерінің жабылуын жариялады. Сондай-ақ бүкіл жиналыстар мен концерттер өткізілмейтін болды. Алматы қаласында Орта Азияның ең үлкен базары да жабылды. Қазақстан үкіметі бұл мәлімдемесінен кейін халық азық-түлік сатып алу үшін сауда-саттық орталықтары мен дүкендерге асығып, осы кезде дүкендерді көбі босап қалды.
Тегтер