Қазақстанда коронавирус жұқтырған 6 адам анықталды
Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі бұл елде коронавирус жұқтырған 6 адамның анықталғанын хабарлады.
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Диас Ахметшәріп Qazaqstan телеарнасына берген сұхбатында елде коронавирус жұқтырудың жаңа жайттарының анықталғанын хабарлады.
Оның айтуынша, елде коронавирус 9 наурызда Германиядан Алматыға келген бір адамнан басталды.
Ол: «62 жастағы бір ер және әйел адам да коронавирус жұқтырған. Олар Ресей мен Польшадан Алматы мен Нұр-Сұлтанға келген»,-деді.
Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі: «Тексерістер нәтижесінде олардың барлығы коронавирус жұқтырған болып шықты»,-деді.
Қазіргі таңда Қазақстанда жалпы 6 адам вирусқа шалдықты.
Қазақстан басшыларының мәліметінше, барлық науқастар қазір дәрігерлердің бақылауында.