Қазақстанда барлық қоғамдық шаралар мен рәсімдер өткізілмейтін болды
https://itolqyn.com/news/kazakhstan-i45916-Қазақстанда_барлық_қоғамдық_шаралар_мен_рәсімдер_өткізілмейтін_болды
Қазақстан Президенті елде коронавирустың таралуының алдын алу үшін барлық қоғамдық шаралар мен рәсімдердің өткізілмейтінін хабарлады.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Нау 15, 2020 21:10 Asia/Almaty
  • Қазақстанда барлық қоғамдық шаралар мен рәсімдер өткізілмейтін болды

Қазақстан Президенті елде коронавирустың таралуының алдын алу үшін барлық қоғамдық шаралар мен рәсімдердің өткізілмейтінін хабарлады.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Қасым-Жомарт Тоқаев: «Барлық қоғамдық шаралар мен рәсімдер, соның ішінде Наурыз мерекесі және Ұлы Отан соғысы жеңісінің 75 жылдығына орай Нұр-Сұлтанда жоспарланған әскери шеру өткізілмейді»,-деді.

Қазақстан Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов та бүгін коронавирустың таралуына байланысты сауда орталықтарында орналасқан кинотеатрлардың жабылғанын хабарлады.

Ол, сондай-ақ, елдегі мектептерде 16 наурыздан 5 сәуірге дейін демалыс жарияланғанын айтты.

Тоғжановтың сөздеріне сәйкес, бұл елдегі университеттердің студенттері оқуларын онлайн түрде жалғастырады.