Қазақстан Президенті коронавируспен күресуді қуаттады
Қазақстан Президенті коронавируспен күресуге қажет шаралардың қолданылғанын қуаттады.
Fars News ақпарат агенттігінің дүйсенбі күнгі мәліметінше, Қасым-Жомарт Тоқаев телеарна арқылы Қазақстан халқына жолдаған үндеуінде коронавирусқа қарсы қажет шаралардың қолданылғанына тоқталып, бұл елде коронавирусқа шалдыққан 9 адамның анықталғанын хабарлады. Тоқаев коронавируспен күресу үшін мамандардан құрылған арнайы штабтың және ұйымдар арасындағы комиссияның құрылуына назар аудартып: «Вирусқа шалдыққан адамдар карантинге жабылып, дәрігердің бақылауына алынады»,- деді. Тоқаев үндеуінің жалғасында Қазақстанның түпкір-түпкіріндегі төтенше жағдайдың жариялануына тоқталып: «Төтенше жағдай 16 наурызда басталып, 30 күнге жалғасады және қажет болса, одан әрі жалғасуы мүмкін»,- деп қосты. Ол серуен орталықтары, кинотеатрлардың, театрлардың, көрмелер мен басқа қоғамдық жерлердің уақытша жабылуын қуаттап: «Уақытша сауда орталықтардың жұмыстары шектеледі, бірақ азық-түлік сататын жерлердің жұмысы жалғасады»,- деді.