Қазақстан Парламенті онлайн жұмыс істейтін болды
Нау 19, 2020 15:56 Asia/Almaty
Қазақстан Парламенті өз жиналыстарын онлайн түрде өткізуге шешім қабылдады.
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Қазақстанда төтенше жағдай жарияланғаннан кейін ел Парламенті 18 наурыздан 15 сәуірге дейін өз жиналыстарын онлайн түрде өткізеді.
Осыған орай әртүрлі бағдарламаларға қатысушылар, ақпарат өкілдері мен өтініш білдірушілердің Парламент ғимаратына кіруіне шектеулер қойылды.
Ашық отырыстар, әртүрлі комиссиялар мен жұмыс топтарының жиналыстары онлайн түрде Парламенттің ресми сайты арқылы таратылатын болады.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 16 наурыздан бастап бір ай елде төтенше жағдай жариялады. Бұл жағдай ұзартылуы мүмкін.