Қазақстан бидай экспортына шектеу қойды
(last modified Thu, 02 Apr 2020 12:12:07 GMT )
Сәу 02, 2020 18:12 Asia/Almaty
  • Қазақстан бидай экспортына шектеу қойды

Қазақстан аймақ елдеріне бидай экспорттауға шектеу қойды.

Иран Телерадио бірлестігі әлемдік қызмет торабындағы Тәжік радиосының хабарлауынша, Қазақстанның Ауыл шаруашылығы министрлігі коронавирустың таралуы мен бидай мен ұн қорының азаю ықтималына байланысты елінің 2020 жылдың  тамыз айына дейін Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан мен Ауғанстанға бидай экспорттауға шектеу қойғанын мәлімдеді.

Қазақстан – аймақта коронавирустың таралғаны расталып, төтенше жағдай жариялаған алғашқы елдердің бірі.  

Қазақстан – Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан мен Ауғанстанға бидай экспорттайтын басты ел.

Осы күнге дейін елде 423 адам коронавирус жұқтырып, 3 адам қаза тапты.