Қазақстанның Денсаулық сақтау министрі коронавирус жұқтырды
https://itolqyn.com/news/kazakhstan-i47168
Қазақстанның Денсаулық сақтау министрі жексенбі күні Facebook әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында коронавируске тапсырған тесті оң болғанын, Нұр-Сұлтан қаласындағы ауруханалардың біріне жатқызылғанын жазды.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Маусым 15, 2020 20:23 Asia/Almaty
  • Қазақстанның Денсаулық сақтау министрі коронавирус жұқтырды

Қазақстанның Денсаулық сақтау министрі жексенбі күні Facebook әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында коронавируске тапсырған тесті оң болғанын, Нұр-Сұлтан қаласындағы ауруханалардың біріне жатқызылғанын жазды.

Fars ақпарат агенттігінің Душанбеден хабарлауынша, Елжан Біртанов отандастарынан жеке тазалық пен карантин ережелерін сақтауды және аурудың алғашқы белгілерін сезгенде дәрігерге қаралуды сұрады.

Біртанов бұдан бір күн бұрын Қазақстанда коронавирустың екінші толқыны басталатынын мәлімдеп, сол себепті осы күз бен қыста және 2022 жылға дейін әлеуметтік қашықтықты сақтау қажеттігін айтқан болатын.