Қазақстанда карантин талаптары қайта күшейтілді
https://itolqyn.com/news/kazakhstan-i48596
Қазақстанда коронавирустың таралуына байланысты 4 айдан соң карантиндік шектеулер қайта енгізілді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қаз 12, 2020 16:21 Asia/Almaty

Қазақстанда коронавирустың таралуына байланысты 4 айдан соң карантиндік шектеулер қайта енгізілді.

Қазақстанның солтүстігіндегі қалаларда қатаң карантин талаптары енгізіліп, қалаларға кіреберісте адамдар мен көліктердің кіріс-шығысын бақылау үшін тексеру бекеттері орнатылды. Қаланың ортасында жүріп-тұру шектеліп, сағат кешкі 22:00-ден таңғы 06:00-ға дейін үйден шығуға, көшеде жүруге тыйым салынды. Жасы 65-тен жоғары адамдарға үйден шығуға тыйым салынды. Балаларға сағат 19:00-ден кейін ата-анасыз көшеге шығуға рұқсат жоқ. Қызметкерлерге жұмысты үйден істеуге, кеңселер мен мекемелерде азырақ болуға кеңес берілді. Карантин ережесін бұзған адамға 200 доллар айыппұл салынады. 

Қазақстанда өткен 24 сағатта 170 адам індет жұқтырды. Бұл – осы елде коронавирус таралған кезден бері тіркелген ең жоғары көрсеткіш.