Алматы әкімі ирандық компанияларды ынтымақтастық етуге шақырды
Алматы қаласының әкімі ирандық компанияларды елді дамыту жобаларына қатысуға шақырды.
Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев бұл қаладағы ИИР Бас консулы Мохсен Фағанимен кездесуінде екі елдің ынтымақтастық салаларын талқылады. Бұл кездесуде Алматы әкімі ирандық компанияларды жол салу, көпір салу, тозығы жеткен ғимараттарды жаңартуға инвестиция салуға шақырып, Ираннан азық-түлік, жеміс, көкөніс пен гүлдер импорттауға дайын екенін мәлімдеді. Алматы қаласының әкімі Алматыны Мешхед пен Язд қалаларының бауырлас қаласы аталуын қолдап, барлық салаларға дайын екенін мәлімдеді. Сағынтаев сонымен қатар ирандық компанияларды 3 желтоқсанда Алматыда өтетін инвестиция тақырыбына арналған вебинарға қатысуға шақырды.