Қазақстанның 2020 жылғы үздік өндіруші жүлдесі ирандық кәсіпкерге берілді
(last modified Mon, 14 Dec 2020 16:18:33 GMT )
Жел 14, 2020 22:18 Asia/Almaty

Бір ирандық компания алғаш рет Қазақстанның 2020 жылғы үздік тауарлар жүлдесіне ие болды.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агентігінің хабарлауынша, Қазақстанда мақсары өсіріп, одан май алатын «Kaz-Ir AGRO» компаниясының директоры Хамидреза Әли Нақиан азық-түлік өнімдері саласында Қазақстанның Ауыл шаруашылығы министрінен үздік өндіруші нышанын алды.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елдің түрлі салаларында жұмыс жасайтын үздік 30 компанияны марапаттай келіп, коронавирус кезінде олардың жоғары сапалы өнімдерді ұсыну жолындағы талпынысына алғыс айтты.