Тоқаев Қазақстанның аумақтық тұтастығын қуаттады
Қаң 05, 2021 20:23 Asia/Almaty
Қазақстан Президенті «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында елдің аумақтық тұтастығына күмән келтіретіндердің арандатушылық әрекеттеріне ресми және жария түрде қарсы тұруға шақырды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның шекраларының толық белгіленгеніне тоқталып: «2018 жылы Каспий теңізі құқықтық мәртебесін анықтайтын конвенцияға қол қойылғаннан кейін елдің құрылық шекараларымен бірге теңіз шекаралары да белгіленді»,- деді.
Осыдан біраз уақыт бұрын Ресей Думасының екі өкілі: «Қазақстанның жері Ресей мен Кеңес Одағының сыйы және Мәскеу олардың айтуынша Нұр-Сұлтанға жалға берген жерлерін қайтаруды талап етуі керек»,- деген болатын.
Тегтер