Қорғаныс өнеркәсібі саласында Түркия мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастық кеңейеді
Түркия мен Қазақстан жаңа әскери-техникалық келісімдерге қол қояйды.
Түркия Қорғаныс министрінің орынбасары Мұхсин Даре Қазақстанға сапары барысында бұл елдің Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевпен және Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов кездесіп, екі ел арасындағы көпжақты стратегиялық қатынастарды кеңейту мәселелерін талқылады. Түркия Қорғаныс министрінің орынбасары Қазақстанның Орталық Азиядағы Түркияның маңызды серіктестерінің бірі екенін қуаттап, бұл ел арасында жаңа әскери келісімдердің жоспарланып отырғанын мәлімдеді.
Бұдан бұрын Қырғызстан Сыртқы істер министрі Руслан Қазақбаев пен Түркия Сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоғлу өзара мүдделерге негізделген екіжақты қатынастарды кеңейту, әуе және теміржол көлігі, құны 1 миллиард доллар тұратын коммуникациялық және коммерциялық инфрақұрылымды дамыту мәселелерін талқылады.