Горганда Қазақстан мен Иранның мәдени кеші өтті
Горган қаласында Иранның Мәдени мұра, қолөнер және туризм министрі Әли Асқар Мунесан мен Қазақстанның Ирандағы елшісі Асқат Оразбайдың қатысуымен екі елдің мәдени кеші өтті.
Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, жексенбі күні кешке Горган қаласының Фахреддин Асад Горгани концерт залында өткен Қазақстан мен Иранның мәдени кешінде парсы және қазақ музыкалық топтары өнер көрсетті.
Иранның Мәдени мұра, қолөнер және туризм министрі осы кеште: "Мәдени шаралар екі халықтың бір-бірін жақсырақ тануына көмектесіп, тұрақты достық қарым-қатынастың дамуында маңызды рөл атқарады",-деді.
Мунесан: "Аймақтық қарым-қатынасты кеңейту – Иранның сыртқы саясатының басым бағыттарының бірі. Аймақтық деңгейде мәдени кеш сияқты іс-шараларды өткізу ұлтаралық байланыстардың арта түсуіне септігін тигізеді",-деді.