Нау 14, 2021 16:47 Asia/Almaty

Қазақстанда бір әскери ұшақ апатынан 4 адам қаза тапты.

«Спутник» ақпарат сайтының хабарлауынша, Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметі сенбі күні: «Алматы қаласында Ан-26 тасымалдаушы ұшағы апатқа ұшырап, соның салдарынан 4 адам қаза тауып, 2 адам ауыр халде жатыр»,-деп мәлімдеді.  

Құлаған ұшақ Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қарамағында болған.

Алматы әуежайының баспасөз қызметі: «Нұр-Сұлтаннан Алматыға бағыт алған бұл ұшақ қонар алдында радар экранынан жоғалып кетті»,-деп хабарлады.

Мәліметтер бойынша, ұшақ Алматы әуежайының қону жолағының соңында құлады.

Тегтер