Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны бойынша рекорд тіркелді
(last modified Fri, 02 Apr 2021 06:47:31 GMT )
Сәу 02, 2021 12:47 Asia/Almaty
  • Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны бойынша рекорд тіркелді

Қазақстан үкіметінің коронавируспен күрес штабы өткен 24 сағатта елде коронавирус жұқтырған 2077 адамның анықталғанын хабарлады.

Бұл – Қазақстанда коронавирус індеті басталғалы бергі ең жоғарғы көрсеткіш.

Қазақстанның коронавируспен күрес штабының хабарлауынша, елде COVID‑19  жұқтырғандардың жалпы саны 248931 адамға жетті. Бұл елдегі 18 800 000 адамның 1.3 пайызын құрайды. Бұған дейін індет жұқтырғандардың ең жоғары саны 2020 жылы 9 шілдеде тіркелген болатын. Өткен 24 сағатта Қазақстанда коронавирустан көз жұмған 14 адамды қосқанда індеттен қайтыс болғандардың жалпы саны 3600 адамға жетті.

Қазақстан ақпан айының басында халыққа Ресейдің Sputnik V вакцинасын сала бастады.

Тегтер