Қазақстан мен Аустралия саяси кеңестер өткізді
(last modified Fri, 16 Apr 2021 08:34:41 GMT )
Сәу 16, 2021 14:34 Asia/Almaty
  • Қазақстан мен Аустралия саяси кеңестер өткізді

Қазақстан СІМ Аустралияның СІМ-мен онлайн форматта саяси диалог өткізгенін хабарлады.

Қазақстан СІМ-нің Азия және Тынық мұхиты департаментінің директоры Нұрғали Арыстанов Аустралия Сыртқы істер министрінің орынбасары Генри Коэн екі елдің саяси-экономикалық, сауда-саттық, мәдени-гуманитарлық салалардағы қарым-қатынасының қазіргі жағдайы мен даму перспективасы жайлы кеңесті.

Тараптар осы диалогта екіжақты және көпжақты қалыптарда әріптестікті одан ары тереңдетіп, кеңейту үшін практикалық қадамдар жасаудың маңыздылығын баса айтып, саяси диалогты кеңейту, сауда-экономикалық қатынасты дамыту және инвестиция салу саласында әріптестік жасау қажеттігін қуаттады.  

Тегтер