Сәу 24, 2021 16:28 Asia/Almaty
  • Токаев‌ қазақстандық вакцинаны өндірушілерге алғыс айтты

Қазақстан Президенті коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцинаның өндірушілеріне алғысын айтып, оның өндірісінің артқанын хабарлады.

 

Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасында: «Қазақстан әлем бойынша өз вакцинасын шығарған бірнеше елдің қатарында»,- деп жазды.  

Қазақстан Президенті коронавирусқа қарсы QazVac вакцинасының елдің өңірлеріне жеткізіле бастағанына тоқталып, бұл вакцинаның өндірісінің артып, бүкіл қазақстандық азаматқа қолжетімі болатынын мәлімдеді. Жоспар бойынша қазақстандық QazVac препаратымен вакциналау 26 сәуірде басталады.

Бастапқыда вакцина ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде тіркелген және оның клиникалық зерттеулерінің толық нәтижелері әлі жарияланған жоқ.

 

 

Тегтер