Қазақстанда жергілікті вакцинаны жаппай егу науқаны басталды
https://itolqyn.com/news/kazakhstan-i52180
Қазақстанда QazVac препаратымен вакциналау науқаны басталды.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Сәу 28, 2021 19:07 Asia/Almaty
  • Қазақстанда жергілікті вакцинаны жаппай егу науқаны басталды

Қазақстанда QazVac препаратымен вакциналау науқаны басталды.

Қазақстанда шығарылған QazVac вакцинаның бірінші 50000 дозасы елдің түпкір-түпкіріне таратылды. Келесі 50000 мамыр айында жеткізіледі.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев  осыдан бұрын Twitter-де елдің коронавирусқа қарсы вакцина өндіру жетістігін жариялап, оны шығаруға қатысқан ғалымдар мен мамандарға алғыс айтты.  Қазақстандық вакцина Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтында шығарылды және ай сайын 500-600 мың доза өндіріледі. Қазақстандық мамандар QazVac-тан басқа отандық төрт вакцинаның өндірісі және сынауымен айналысуда.