Қазақстан Президенті Дүниежүзілік банктің вице-президентімен кездесті
https://itolqyn.com/news/kazakhstan-i52640
Қазақстан Президенті Нұр-Сұлтан қаласында Дүниежүзілік банк вице-президентімен кездесіп, ортақ жобаларды орындау мәселесін талқылады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Maм 17, 2021 17:02 Asia/Almaty
  • Қазақстан Президенті Дүниежүзілік банктің вице-президентімен кездесті

Қазақстан Президенті Нұр-Сұлтан қаласында Дүниежүзілік банк вице-президентімен кездесіп, ортақ жобаларды орындау мәселесін талқылады.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Анна Бьерде Қазақстанның маңызды мәселелерін, соның ішінде осы халықаралық ұйыммен банкаралық қатынас, осы ел экономикасының әртүрлі салаларына инвестиция салудағы басымдықтарды талқылап, пікір алмасты.  

Тоқаев осы кездесуде: "Қазақстанда тасымал, білім беру, қоршаған орта және қаржы салаларында Дүниежүзілік банкпен ортақ 12 жоба жүзеге асырылуда",-деді.

Ол, сондай-ақ, Дүниежүзілік банктің экологиялық мәселелерді шешуге қатысқанына, Сырдария өзенінің ағысын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтап қалу жобасының екінші фазасына 1,5 млрд доллар бөлгеніне алғыс айтты.