Қазақстан Президенті Иранның сайланған президентін құттықтады
(last modified Sun, 20 Jun 2021 10:31:40 GMT )
Маусым 20, 2021 16:31 Asia/Almaty
  • Қазақстан Президенті Иранның сайланған президентін құттықтады

Қазақстан Президенті Сейед Ибрахим Раисиді Ирандағы 13-ші президенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтады және Иранды Ислам әлеміндегі Нұр-Сұлтанның сенімді серіктестерінің бірі деп атады.

Fars News агенттігінің хабарлауынша Қасым-Жомарт Тоқаев  Сейед Ибрахим Раисиді ИИР президенті болып сайлануымен құттықтаған жолдауында: «Сайлаудағы жеңіс халықтың сіздің саяси және елді дамыту жоспарларыңызды қолдайтынын көрсетті»,- деді.  Тоқаев  Иранның сайланған президентіне денсаулық пен  мақсаттары мен бастамаларын жүзеге асыру  жолында табыстар тілеп, екі ел дәстүрлі достық пен өзара қолдау рухында қолданыстағы ынтымақтастықты сақтап қана қоймай, оған серпіліс пен жаңа сезім беруге сенім артты. Қазақстан Президенті сонымен бірге Иран Президентімен екіжақты және көпжақты форматтағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейту бойынша бірлесіп жұмыс жасауға дайын екендігін білдірді.

 

Тегтер